Каддафидің бауыры өлім жазасына кесілді

Фотография - Каддафидің бауыры өлім жазасына кесілді

Ливияның батысындағы Мисрат қаласының соты Муамар Каддафидің ағайыны Ахмед Ибрагимді өлім жазасына кесті

180 0

Ливияның батысындағы Мисрат қаласының соты Муамар Каддафидің ағайыны Ахмед Ибрагимді өлім жазасына кесті. Ол азамат соғысы кезінде халықты азаптады деп айыпталуда. Өлім жазасының қай күні жүзеге асырылатындығы жайында айтылған жоқ.

Белгілі болғаны, Ахмед Ибрагимді ату жазасы арқылы өлтіретін болды. Бірақ, бұдан бұрын оның қорғаушылары Ливияның Жоғарғы сотына апелляциялық шағым түсіре алады.

Муамар каддафи елді басқарып тұрған сәтте Ахмед Ибрагим білім министрі болған. Оған тағылған айыптардың ішінде радио арқылы жалған ақпарат таратты деген де тұсы бар.

Сот алқасындағылардың пікірінше, азамат соғысы кезінде Ибрагим Сирт қаласының тұрғындарын көтерілісшілерге қарсы әскер құруға шақырған. Кейін 2011 жылы Сирт қаласын азат ету операциясы кезінде ол қолға түсті.

Айта кетейік, Мисрат қаласы бұған дейін де бірнеше адамды өлім жазасына кескен болатын. Солардың бірі Муамар Каддафидің тағы бір туысы Мансұр ад-Дав Каддафи. Ол елдегі соғыс кезінде Ұлттық гвардияны басқарып, көптеген адамның өліміне себепші болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!