Британия тұрғыны денесіне мешіттің жарылған суретін салып алған

Фотография - Британия тұрғыны денесіне мешіттің жарылған суретін салып алған

Британия полициясы денесіне мешіт суретін салып, оған "жарылыс" деп жазып алған ағылшынды қамауға алды.

153 0

Британия полициясы денесіне мешіт суретін салып, оған "жарылыс" деп жазып алған ағылшынды қамауға алды.

Ер адам Бирмингемде «Ағылшын қорғаныс лигасы» ұйымдастырған қарсылық акциясы барысында қолға түсті. Аталған лига Ұлыбританияда исламның таралуына тосқауыл болуды мақсат тұтады. Митингге қатысқан азамат денесіндегі суретін көрсетіп фотоға түскен. Алайда кейін ол кепілдеме беріп, бостандыққа шықты.

22-ші мамырда Лондонның оңтүстік-шығысындағы Вулвич ауданында екі қылмыскер әскери қызметкерді өлтіреді де сол жерде тұрып, мұсылмандардың өлтірілгеніне осылайша кек қайтарғандарын айтып, бейнежазба жасаған. Екі қылмысқа барған Адеболаджо мен Адебовале деген екі британдық қамауда отыр. Британия билігі олардың адам өлтіруін террористік акті деп таныды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

лондон

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!