Италия соты Берлусконидің үкімін өзгертпеді

Фотография - Италия соты Берлусконидің үкімін өзгертпеді

Италия бұрынғы премьер-министр Сильвио Берлускониге "салықтық алаяқтықтар жасағаны" үшін шығарылған сот үкімін күшінде қалдырды

237 0


Италия бұрынғы премьер-министр Сильвио Берлускониге "салықтық алаяқтықтар жасағаны" үшін шығарылған сот үкімін күшінде қалдырды.

Бейсенбіде кассациялық сот Берлускониді төрт жылға соттап, рақымшылықпен жазасын бір жылға дейін азайту туралы сот үкімін өзгертпеді. Бұл сот - экс-премердің үкімге берген екінші әрі соңғы апелляциялық шағымы бойынша өтті. Оған қатысты қылмыстық іс 2006 жылы басталған.

Берлускони бұған қоса кәмелеттік жасқа толмаған жезөкшелермен жыныстық қатынасқа түсу, қызмет өкілетін теріс мақсатта пайдалану, полицейлердің оның саяси бәсекелестерінің телефондағы әңгімелерін жариялап жіберу ісіне қатысты шыққан бірнеше үкімге де шағымданған.

Берлусконидің оңшыл партиясы бұған дейін премьер-министр Энрике Летто үкіметіне қолдау білдіре беретініне уәде берген. Бірақ сот шешімі Летто басқаратын солшыл және оңшыл коалиция қиын жағдайда қалдыруы мүмкін.

Милан соты маусымда экс-премьерді 2010 жылы премьерлік қызмет атқарған тұста түнгі клуб бишісі, сол кезде 18-ге толмаған Карима эль-Маругпен көңіл қосқаны үшін ақша төледі және ол әрекетін жасыру арқылы қызметін теріс мақсатта пайдаланды деп айыптап, жеті жылға соттаған еді. Бірақ сот үкімі әлі күшіне енген жоқ - деп хабарлады azattyq.org


Тегтер:

Италия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!