Белфаст қаласында полицейлер мен өрт сөндірушілердің Бүкіләлемдік 15-ші ойындары басталды

Фотография - Белфаст қаласында полицейлер мен өрт сөндірушілердің Бүкіләлемдік 15-ші ойындары басталды

Бүгін Солтүстік Ирландияның астанасы Белфаст қаласында полицейлер мен өрт сөндірушілердің бүкіләлемдік 15-ші ойындары басталды

308 0

Бүгін Солтүстік Ирландияның астанасы Белфаст қаласында полицейлер мен өрт сөндірушілердің Бүкіләлемдік 15-ші ойындары басталды.

Әлемнің түрлі қалаларында екі жылда бір рет өткізілетін бұл беделді халықаралық жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады.

Ойынның салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің  көк байрағын  команданың атақты атлеттерінің бірі - ҚР спортқа еңбегі сіңген шебері, полиция подполковнигі Серік Нұрғалиев алып жүрді. Қазақстан жасағының капитаны - әлемнің тоғыз дүркін чемпионы және рекордшысы, құқық қорғау органдары арасындағы Еуропа чемпионы және әлем біріншіліктерінің 27 алтын, 6 күміс және 2 қола медалінің иегері.

Сонымен қатар ел намысын халықаралық турнирде құқық қорғау органдарының арасындағы әлем чемпионы, оңтүстікқазақстандық полиция подполковнигі Асқар Жандаров, жақында полиция майоры шені берілген халықаралық спорт шебері, Астана қаласының ІІД жол полициясының аға инспекторы Талғат Қожабаев, ҚР спорт шеберлері - Шығыс Қазақстан облысынан полицияның аға лейтенанты Асхат Елубаев пен Алматыдан полиция капитаны Абдулсанат Шарафов қорғайды.

Қазақстандық спортшылардың 15-ші бүкіләлемдік полицейлер мен өрт сөндірушілер арасындағы ойындарда алғашқы кездесулері 3 тамызда басталады. Бұл күні біздің атлетшілер дзюдодан өтетін бәсекеге қатысады. 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде татамиге Асқар Жандаров пен Талғат Қожабаев шығады. 90 келіде Асхат Елубаев бақ сынайды. 6 тамыз - Серік Нұрғалиев ( бенчпресс, пушпуллифтинг, армрестлинг) пен боксшы Абдулсанат Шарафовтың шеберлігін көрсететін күн.

Бүкіләлемдік ойын тамыздың 10-на дейін жалғасады. Оған 70 елден шақырылған 20 мыңнан астам спортшы қатысуда, оның жартысы - құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Келесі ойындар 2015 жылы Вашингтонда өткізіледі - деп хабарлады ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!