"ВКонтакте" Сноуденді жұмысқа шақырды

Фотография - "ВКонтакте" Сноуденді жұмысқа шақырды

"ВКонтакте" әлеуметтік желісі америка арнайы қызметінің бұрынғы агенті, қуғындағы Эдвард Сноуденге қызмет ұсынды.

182 0

"ВКонтакте" әлеуметтік желісі америка арнайы қызметінің бұрынғы агенті, қуғындағы Эдвард Сноуденге қызмет ұсынды.

Ресейлік РБК Daily басылымының хабарлауынша, бұл туралы "ВКонтакте" компаниясының директоры Павел Дуров мәлімдеген. Сноуденнің өзі бұл шақыртуға қалай қарағаны белгісіз.

Сарапшылар "Вконтакте" Сноуденді жұмысқа алса онда компания батыс елдеріндегі бизнесінде кедергілерге тап болуы мүмкін деп болжайды.

Эдвард Сноуден АҚШ-тың барлау қызметтерінің телефон байланыстары мен интернетті бақылайтын арнайы бағдарламасы туралы құпия ақпараттарды жариялаған. АҚШ үкіметі оған "тыңшылық жасады" деген айып тағып, іс қозғаған.

Ресей билігі 1 тамызда Сноуденге бір жылға уақытша баспана берген. Бұдан соң ол 23 маусымнан бері тұрып келген Мәскеудің Шереметьево әуежайындағы халықаралық транзиттік аймақты тастап шығып, Ресей аумағына кетті. Оның қай жерге орналасқаны белгісіз.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!