Египет полициясы наразы топқа жас ағызатын газ шашты

Фотография - Египет полициясы наразы топқа жас ағызатын газ шашты

Египет астанасында жұма күні бұрынғы президент Мұхаммед Мурсиді қолдап наразылық акциясына шыққандар телехабар тарату кешені маңына келгенде полиция оларға көзден жас ағызатын газ шашқан

171 0

Египет астанасында жұма күні бұрынғы президент Мұхаммед Мурсиді қолдап наразылық акциясына шыққандар телехабар тарату кешені маңына келгенде полиция оларға көзден жас ағызатын газ шашқан.

Мурсиді жақтаушылар жұма намазынан соң Каирдің орталық көшелерімен шеруге шыққан еді. Олардың бір бөлігі Рабаа әл-Адаиуа мешітінің жанында бірнеше апта наразылық білдіріп отырғандарға қосылуға әрекет жасады. Сондай-ақ, әуежай маңында жаңадан наразылық лагерін орнатпақ болған.

Египеттің уақытша үкіметі шерушілерге қарсылықты тоқтатуға шақырып, бағынбаған жағдайда оларды күшпен тарататынын ескерткен. Бірақ «Мұсылман бауырлар» қозғалысы бастаған наразы топ Мурсиді билікке қайтармайынша наразылықты тоқтатпайтындарын мәлімдеген.

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бернс сенбі күні Каирде уақытша үкімет өкілдерімен кездесуі тиіс.

Египетте шілденің 3-і күні әcкерилер биліктен шеттеткен президент Мұхаммед Мурси палестиндік ХАМАС тобымен әріптестік орнатқан деген күдікпен 15 күнге қамалғаны туралы осыдан бір апта бұрын хабарланған еді-деп хабарлады  azattyq.org


Тегтер:

Египет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!