Германия байланыс торабын бақылау келісімінен шықты

Фотография - Германия байланыс торабын бақылау келісімінен шықты

Германия үкіметі 1968 жылы АҚШ, Франция және Ұлыбританиямен бірге жасаған телекоммуникация торабын бақылау туралы келісімнен шығатынын мәлімдеді

205 0

Германия үкіметі 1968 жылы АҚШ, Франция және Ұлыбританиямен бірге жасаған телекоммуникация торабын бақылау туралы келісімнен шығатынын мәлімдеді. Германия сыртқы істер министрлігі жұма күні аталған үш елге тиісті құжаттар жіберілгенін мәлімдеген.

Азаматтардың хат жазу, сонымен бірге почта және телефон байланысы құпиясын шектеу туралы заң Германияда 1968 жылы қабылданған. Сол жылы АҚШ, Ұлыбритания және Франциямен жасалған келісім бойынша, Вашингтон, Лондон мен Париж Германияның конституцияны қорғау жөніндегі федералды мекемесі мен федералдық барлау қызметінен (BND) өздері сұратқан ақпаратты алу мүмкіндігіне ие болған еді.

Германия басылымдарының жазуынша, 1990 жылы екі Германия біріккен соң жоғарыда аталған үш елден әлгіндей ақпарат сұраған ешқандай өтініш түспеген - деп хабарлады  azattyq.org


Тегтер:

Германия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!