Ауғанстан мен Пәкістанда селден 89 адам мерт болды

Фотография - Ауғанстан мен Пәкістанда селден 89 адам мерт болды

Ауғанстан мен Пәкістанда жексенбіде болған нөсер жауыннан кейін сел жүріп, екі елде 89 адам құрбан болды. Көптеген адам баспаналарынан айырылды

140 0

Ауғанстан мен Пәкістанда жексенбіде болған нөсер жауыннан кейін сел жүріп, екі елде 89 адам құрбан болды. Көптеген адам баспаналарынан айырылды.

Ауған үкіметінің хабарлауынша, елдің шығыс және оңтүстік-шығысындағы тоғыз провинция мен Кабулдың бірнеше ауданында 59 адам қаза тауып, ондаған адам баспанасынан айырылған. Кабулдың Суроби ауданының өзінде ғана құрбандар саны 34-ке жеткен.

Ал Пәкістанда нөсер жауыннан 30 адам қаза тапты. Мұнда әсіресе Карачи қаласы көп зардап шегіп, 16 адам мерт болған. Пәкістанның ең үлкен мегаполистерінен саналатын бұл қалада бірнеше ірі көлік магистралі жабылды. Қаланың кейбір аудандары электр жарығынсыз қалды.

Пәкістанның метеорологиялық агенттігі алдағы екі тәулікте елде тағы да нөсерлетіп жауын жауып, сел жүруі мүмкін деп болжап отыр.

Соңғы жылдары бұл елдер нөсер жауын мен одан туындайтын селден қатты зардап шегіп келеді - деп хабарлады  azattyq.org


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!