Сирияда шет елдік валютаның айналымына тыйым салынды

Фотография - Сирияда шет елдік валютаның айналымына тыйым салынды

Сирия президенті Башар Асад өз елінің аумағында шет ел валюталарын пайдалану мен қаржылық операцияларды жүзеге асыруға тыйым салу жөніндегі Жарлыққа қол қойды

178 0

Сирия президенті Башар Асад өз елінің аумағында шет ел валюталарын пайдалану мен қаржылық операцияларды жүзеге асыруға тыйым салу жөніндегі Жарлыққа қол қойды деп хабарлайды сириялық САНА ақпарат агенттігі.

Онда қаржылық төлемдер мен транзакциялық аударымдар жасау және коммерциялық операцияларды шет елдік валюта түрінде жүргізуге немесе қымбат бағалы тастармен іске асыруға қатаң түрде тыйым салынады деп көрсетілген.

Ал осы үлгідегі опрациялар мен аударымдар, өзге де есеп-қисаптар Сирия елінде бұдан былай ұлттық валюта болып табылатын фунт түрінде іске асырылатын болады.

Айта кетейік, 2011 жылдың наурыз айында бір доллар 50 сириялық фунтқа бағаланатын болса, бүгінгі таңда бір доллар 200 фунт шамасында саудалануда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!