Педофилге рақымшылық берген патша ойынан айныды

Фотография - Педофилге рақымшылық берген патша ойынан айныды

Морокко патшасы Мұхаммед VI испандық Даниэль Гальван Финге жасаған рақымшылық үкімін қайта жоққа шығарды. Қылмыскер 11 жасөспірімді зорлады деп айыпталған болатын

373 0

Морокко патшасы Мұхаммед VI испандық Даниэль Гальван Финге жасаған рақымшылық үкімін қайта жоққа шығарды. Қылмыскер 11 жасөспірімді зорлады деп айыпталған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет королі Мороккода қылмыс жасаған испандық 48 азаматқа рақымшылық жасаған болатын. Олардың арасында жантүршілгерлік әрекеттерімен қамалған Даниэль Гальван да бар еді. Мұны естіген жергілікті халық дереу наразылық шараларын өткізіп, бас көтерді.

Жасы алпыстан асқан испандық қазіргі таңда өз елі Испанияда. Енді оны Мароккоға экстрадициялау мәселесі талқыланып жатыр.

Айта кетейік, жарияланған үкімді қайта жоққа шығару Морокко тарихында бұрын-соңды болмаған жайт.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!