ХХІ ғасырдың соңында АҚШ су астында қалуы мүмкін

Фотография - ХХІ ғасырдың соңында АҚШ су астында қалуы мүмкін

Адамзат баласы ғаламдық жылыну жайлы әңгіме бола қалғанда, еті үйренгеннен бе, әйтеуір салқынқанды әңгіме айтып отыра беретінді шығарды. Осы бір салғырттық адамзаттың түбіне жетер түрі бар

265 0

Адамзат баласы ғаламдық жылыну жайлы әңгіме бола қалғанда, еті үйренгеннен бе, әйтеуір салқынқанды әңгіме айтып отыра беретінді шығарды. Осы бір салғырттық адамзаттың түбіне жетер түрі бар.

Статистикаға жүгінсек, атмосферадағы көмірқышқыл газының деңгейі соңғы уақытта рекордтық деңгейге жетті және ұдайы өсіп отыр. 2012 жыл соңғы 162 жылдағы ең ыстық он жылдың тізіміне ілінді. Ғалымдар ХХІ ғасырдың соңында АҚШ-тың теңіз жағалауындағы қалалары су астында қалады деген болжам жасады.

АҚШ Ұлттық ғылым академиясының зерттеушілері теңіз деңгейі көтеріліп, су басатын қалалар тізімі көрсетілген баяндаманы оқыды. Ондаған жылдардан кейін теңіз деңгейі 1,3 метр көтеріліп, АҚШ-тың 3,6 млн. халқы қоныстанған 316 қаласын су басуы мүмкін.

2100 жылы теңіз деңгейі 7 метр көтеріліп, 1400 қала су астында қалады. Бұл қалаларда жалпы саны 18 млн. адам тұрады. Зерттеушілер ол уақытқа дейін ғалымдар су басудан қорғаудың немесе температураның жылынуын болдырмаудың жолдарын табуы мүмкін деп отыр. Алайда, дәл қазір бұл салада айтарлықтай жұмыстар жасалмағандықтан, жағдай одан әрі нашарлауы әбден мүмкін.

Бұдан шығатын қорытынды – Құдайдың ісіне ешкімнің қарсы шыға алмасы, түкке шамасы келмейтін қауқарсыз құл екендігі көрінді, дейді дінтанушылар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!