АҚШ: Иранмен әріптестікке дайынбыз

Фотография - АҚШ: Иранмен әріптестікке дайынбыз

АҚШ Иранның қызметіне кіріскен жаңа президенті Хассан Роуханидің "Иран ядролық проблемасына қатысты мәселені шешуде халықаралық қауымдастықпен серіктестікке дайын" деген мәлімдемесіне орай пікір білдірді

360 0

АҚШ Иранның қызметіне кіріскен жаңа президенті Хассан Роуханидің "Иран ядролық проблемасына қатысты мәселені шешуде халықаралық қауымдастықпен серіктестікке дайын" деген мәлімдемесіне орай пікір білдірді.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джей Карней Роуханидің инаугурациясы Иранға "халықаралық қауымдастықтың ядролық бағдарламаға қатысты алаңдаушылығын тезірек шешуге мүмкіндік беретінін" айтты.

"Егер бұл жаңа үкімет халықаралық міндеттемелерін орындауға кірісіп, ядролық бағдарламасына қатысты мәселелерін шешу жолдарын қарастырса, онда АҚШ серіктес болуға дайын" деді Карней.

Хассан Роухани ұлықтау салтанатында сөйлеген сөзінде "Халықаралық қатынастарда мен басқаратын үкімет Иран мен аймақтық және әлем елдері арасында өзара сенім орнатуға тырысады. Өзара сенім орнатудың басты кілті - ашықтық болып саналады және ол тек біржақты емес, көп жақты, тәжірибеге сүйенген ашықтық болуы тиіс" деген еді. Ол бұған қоса халықаралық қауымдастықты Иранға салынған санкцияларды алып тастауға шақырған.

64 жастағы Роухани Иранда биыл өткен президент сайлауында дауыс берген сайлаушылардың 50,7 пайызының қолдауына ие болған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!