АҚШ-та 4 жасар бүлдіршін бір елдімекенді басқарып отыр

Фотография - АҚШ-та 4 жасар бүлдіршін бір елдімекенді басқарып отыр

АҚШ-тың Дорсет деп аталатын кішкентай қалашығында жергілікті тұрғындар осымен екінші рет 4 жасар Бобби Тафтс есімді бүлдіршінді мэр етіп сайлады.

151 0

АҚШ-тың Дорсет деп аталатын кішкентай қалашығында жергілікті тұрғындар осымен екінші рет 4 жасар Бобби Тафтс есімді бүлдіршінді мэр етіп сайлады. Бұл жайында CBS телеарнасы хабарлап отыр.

Дауыс беруге мереке үшін 1 долларын қайырымдылыққа берген кез-келген азаматтың қатысуына болады. Алайда, бұл жолы сайлау жеңімпазын жергілікті тұрғындардың бірі анықтады. Алдымен жеребе тартылып, әлгі азамат бірнеше үміткердің арасынан көзін жұмып біреуін таңдаған. Таңдау 4 жастағы бүлдіршінге түсіпті.

Айта кетейік, Дорсет қалашығында мэр лауазымы ешқандай саяси жағдайға әсер ете алмайды. Дегенмен, бүлдіршін Боббидің ата-анасы қол қусырып қарап отырмай, қаланы көркейту үшін ақша жинайтындықтарын мәлімдеді.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!