Түркияда "Ергенеқон" ісінің үкімі шыға бастады

Фотография - Түркияда "Ергенеқон" ісінің үкімі шыға бастады

*Түркия соты "2003 жылы үкіметті төңкермек болды" деп айыпталған 275 адамға үкім шығара бастады

154 0

Түркия соты "2003 жылы үкіметті төңкермек болды" деп айыпталған 275 адамға үкім шығара бастады. Бұрынғы армия қолбасшысы, 2008-2010 жылдары елдің қарулы күштерін басқарған генерал Илькер Башбуг өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілді. Башбуг өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.

Сотқа тартылған 21 адам ақталды. Бірнеше айыпталушы ұзақ мерзімді жазаға кесілді. Әр айыпталушыға үкім жеке-жеке оқылды.

Сотталғандар арасында генералдар, заңгерлер, ғалымдар мен журналистер бар. Оларға "Ергенеқон" деп аталатын "террористік ұйымға мүше болды", премьер-министр Режеп Тайып Ердоған мен оның "Әділет және даму" партиясына қарсы қарулы көтеріліс жасауға елді арандатты, заңсыз қару-жарақ сақтады деген бірнеше айыптар тағылған - деп хабарлады  azattyq.org

Стамбул қаласы маңында "Ергенеқон" ісі бойынша шыққан үкімге наразы шерушілер полициямен қақтығысып қалды. Полиция оларды тарату үшін су мен резеңке оқ атты.

Бұл істің Стамбул қаласындағы Таксим алаңында болған биылғы қарсылықтарға қатысы жоқ.

Айыптаушы тараптың мәліметі бойынша, "Сотталғандар 2003 жылы елде мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған. Астыртын әрекеттер «Балиоз» деп аталған. Олар исламшыл фундаменталистер ретінде киініп, Стамбұлдағы екі үлкен мешітте жарылыстар және әскери мұражайға шабуылдар жасау арқылы елде тәртіпсіздіктер тудырып, үкіметті құлатпақ болған".

"Ергенеқон" ісі бойынша тергеу Түркияда 2007 жылы басталған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!