Ресейде Bloodhound Gang тобына қарсы іс қозғалды

Фотография - Ресейде Bloodhound Gang тобына қарсы іс қозғалды

Ресей ішкі істер министрлігі америкалық Bloodhound Gang рок тобының әншісі Джаред Хасельхоффтың Украинадағы концерті кезінде Ресей туын шалбарының ышқырына салып жіберуіне байланысты қылмыстық іс қозғады.

197 0

Министрліктің хабарлауынша, іс Ресей мемлекеттік туын құрметтемеген іс-әрекеттен кейін қозғалып отыр". Ресей заңдары бойынша, мемлекеттік туды қорлағандар бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Бұған дейін АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Майкл Макфол Twitter-дегі парақшасында топтың іс-әрекетін "жиренішті" деп атаған.

31 шілдеде Одессадағы концерт кезінде болған оқиғадан кейін топ Ресейдің оңтүстік аймағында өтетін фестивальге қатыспай, кері қайтуға мәжбүр болды.

Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!