Вьетнамда өзара пікір алмасуғатиым салынды

Фотография - Вьетнамда өзара пікір алмасуғатиым салынды

АҚШ Вьетнамды қабылдаған жаңа заңға сәйкес айыптап отыр

216 0

АҚШ Вьетнамды қабылдаған жаңа заңға сәйкес айыптап отыр. Аталған құжат бойынша ел азаматтары интернетте Вьетнамның ішкі саясаты жөнінде өзара ой бөлісе алмайды.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында күшіне енетін №72 декретке сәйкес әлеуметтік желілер тек қана жеке материалдармен алмасу үшін қолданылмақ. Осы заң бойынша интернетте отырып, мемлекеттің саясатына қарсы пікір жазу қатаң жазаға ұшырайды.

Атап айтқанда, жазылған пікірлер мен мақалаларда оппозициялық сарын және мемлекеттің бірлігіне қауіп төндіретін ойлар болмауы тиіс. Ал, АҚШ-тың Вьетнамдағы елшілігі болса бұл жайтқа байланысты кері пікірлерін білдірді. Бұл азаматтардың еркін ақпарат алмасуына кедергі келтіреді дейді олар.

Халықаралық ғаламтор ұйымдары Вьетнамға бүгінде "интернеттің жауы" деген ат берді.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!