АҚШ Йемендегі азаматтарын елден кетуге шақырды

Фотография - АҚШ Йемендегі азаматтарын елден кетуге шақырды

АҚШ мемлекеттік департаменті террорлық шабуыл болуы мүмкін деген қауіп барын ескертіп, Йемендегі қызметкерлері мен азаматтарын бұл елден кетуге шақырды

136 0

АҚШ мемлекеттік департаменті террорлық шабуыл болуы мүмкін деген қауіп барын ескертіп, Йемендегі қызметкерлері мен азаматтарын бұл елден кетуге шақырды.

Бұған дейін "Әл-Қаида" басшысы Айман әл-Зауахири ұйымның Йемендегі бөлімшесіне террорлық шабуыл жасауға бұйрық бергені туралы белгілі болып, өткен апта соңында АҚШ-тың Таяу Шығыс пен Африка елдеріндегі 19 елшілігі мен дипломатиялық миссиялары 10 тамызға дейін жабылған еді.

Сейсенбіде Йемендегі аты-жөнін атамаған қауіпсіздік қызметкері елдің шығысындағы Мариб провинциясында пилотсыз ұшақ шабуылынан "Әл-Қаиданың" төрт  жауынгерінің көзі жойылғанын хабарлады. Ресми орындар қаза тапқандардың екеуі "Әл-Қаиданың" жоғары шенді өкілдері екенін айтады.

Ұлыбритания, Франция, Германия және Норвегия да Таяу Шығыс аймағындағы бірқатар елшіліктерін жапты - деп хабарлады azattyq.org


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!