Еурокомиссия әлемдегі ең ірі авиакомпания құруды мақұлдады

Фотография - Еурокомиссия әлемдегі ең ірі авиакомпания құруды мақұлдады

Бұл туралы Еурокомиссияның баспасөз қызметі хабарлады.

115 0

Еурокомиссия американдық «US Airways» және «American Airlines» авиакомпанияларының қосылуын мақұлдады, соның нәтижесінде бірқатар көрсеткіштер бойынша авиакомпания әлемдегі ең ірі болмақшы.

Бұл туралы Еурокомиссияның баспасөз қызметі хабарлады.

Еурокомиссия екі ірі американдық компанияның қосылуы Хитроудан «Лондон-Филадельфия» бағыты бойынша әуе қатынасында алпауыт болуына әкеп соғуы мүмкін екенін атап өтеді. Осыған байланысты біріккен авиатасымалдаушы өзінің бұл бағыттағы кестесін қайта қарап, авианарықтың осы сегментіне тәуелсіз оператордың шығуына кеңістік босату үшін кейбір рейстерден бас тартуы тиіс.

Екі американдық компанияның бірігу үдерісін осы жылғы үшінші тоқсанда аяқтау көзделіп отыр. Жаңа авиатасымалдаушыны капиталдандыру 11 млрд. АҚШ долларынан асатын болады.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!