Индонезияның Lion Air ұшағы сиырдың кесірінен ұшу жолағынан шығып кетті

Фотография - Индонезияның Lion Air ұшағы сиырдың кесірінен ұшу жолағынан шығып кетті

Индонезияның Lion Air әуе компаниясының ұшағы сәрсенбіге қараған түні шығыс провинцияның Горонтало әуежайында жерге қону кезінде сиырға соғылып, ұшу-қону жолағынан шығып кетті

134 0

Индонезияның Lion Air әуе компаниясының ұшағы сәрсенбіге қараған түні шығыс провинцияның Горонтало әуежайында жерге қону кезінде сиырға соғылып, ұшу-қону жолағынан шығып кетті, деп хабарлады Detik.com интернет-порталы.

«Әуежай уақытша жабылды», - деп мәлімдеді Индонезия көлік министрлігінің ресми өкілі Бамбанг Эрван.

Оқиға орнынан хабарлағандай, ұшқыш ұшу-қону жолағында жүрген үш сиырды байқап қалып, оларға соғылмаудың әрекетін жасауға тырысқан. Алайда мүйізді ірі қараның бірі ұшақтың шассиіне соғылып, тежегіш істен шыққан. Соның кесірінен әуе кемесі ұшу-қону жолағынан 10 метрге шығып кеткен.

Абырой болғанда, авиалайнердегі 110 жолаушы мен 7 экипаж мүшесінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Тек ұшақ сәл зақымданды. Оқиғаның орын алу себептері анықталып жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!