Тунисте мыңдаған адам үкіметке наразылық танытты

Фотография - Тунисте мыңдаған адам үкіметке наразылық танытты

Тунисте сейсенбінің кешінде ондаған мың адам Ұлттық конституциялық ассамблея алдына жиналып, үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен наразылық шеруін өткізді

132 0


Тунисте сейсенбінің кешінде ондаған мың адам Ұлттық конституциялық ассамблея алдына жиналып, үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен наразылық шеруін өткізді.

Шеру өтіп жатқан тұста ақпарат құралдары елді басқарып отырған, исламшыл "Қайта өрлеу" партиясының басшысы Рашид Ганнуши "демонстранттар үкіметті тарату туралы тым артық талап қойып отыр, министрлер кабинеті отставкаға кетпейтінін айтты" деген хабар таратты.


Осыдан тура алты ай бұрын солшыл көзқарасты ұстанатын оппозициялық саясаткер Чокри Белаид қастандықпен қаза тапқан еді. Демонстранттар оның және 25 шілдеде қастандықпен қаза тапқан серігі Мұхаммед Брахимидің де суреттерін көтеріп шықты. 

Наразылық танытушылар қос саясаткердің қазасына исламшыл топтарды кінәлайды және үкіметті "экстремистерді бақылай алмай отыр" деп айыптайды.

Осыдан екі жарым жыл бұрын Тунис президенті Зин әл-Әбидин Бен Әли халық толқуынан елден қашуға мәжбүр болды. Тунистен басталған қарсылық шерулері Египет, Ливан, т.б. араб елдерінде де болып, "Араб көктемі" деп аталған бұл толқулар ұзақ жылдар ел басқарып отырған авторитарлық бірнеше басшының биліктен кетуіне ұласты.  

«Араб көктемі» – араб елдеріндегі бұқара халықтың сыбайлас жемқорлық жайлаған ескі режимдерге қарсы шығып, демократиялық реформаларды талап еткен шерулерінің ортақ атауына айналып кетті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!