АҚШ пен Ресей министрлерінің кездесуі өтеді

Фотография - АҚШ пен Ресей министрлерінің кездесуі өтеді

Вашингтонда 9 тамызда АҚШ пен Ресей сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің кездесуі өтетін болды. Бұл туралы 6 тамызда Reuters агенттігіне АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі хабарлаған

139 0

Вашингтонда 9 тамызда АҚШ пен Ресей сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің кездесуі өтетін болды. Бұл туралы 6 тамызда Reuters агенттігіне АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі хабарлаған.

Ресей АҚШ-тың бұрынғы тыңшысы Эдвард Сноуденге уақытша баспана берген соң екі елдің қорғаныс және сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтпей қалуы мүмкін деген болжамдар болған.

Сейсенбіде өткен баспасөз жиынында мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Джен Псаки америкалық шенеуніктер ресейлік әріптестерімен кездесулерінде Сноуденді АҚШ-қа қайтару мәселесін көтеретіндерін де айтқан еді.

Джен Псаки "Ресейдің Сноуденді АҚШ-қа қайтаруға мүмкіндігі барын білеміз" деген.

Вашингтондағы кездесулерде Сириядағы қақтығыс, Иранның ядролық бағдарламасы мен екі елге ортақ мәселелер талқыланбақ.

Эдвард Сноуден АҚШ-тың барлау қызметтерінің телефон байланыстары мен интернетті бақылайтын арнайы бағдарламасы туралы құпия ақпараттарды жариялаған. Содан кейін АҚШ үкіметі Эдвард Сноуденге "тыңшылық жасады" деген айып тағып, айыптау құжаттарын Вирджиния штатының федералды сотына 21 маусымда түсірген. Қазір АҚШ барлауының құпияларын жариялаған бұрынғы тыңшы Ресейде тұрып жатыр деген ақпарат бар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!