АҚШ билігі Bank of America-ны алаяқтық жасады деп айыптауда

Фотография - АҚШ билігі Bank of America-ны алаяқтық жасады деп айыптауда

АҚШ-тың Әділет министрлігі Bank of America-ны алаяқтық жасады деп айыптап, оған қарсы арыз-шағым түсірді.

177 0

АҚШ-тың Әділет министрлігі Bank of America-ны алаяқтық жасады деп айыптап, оған қарсы арыз-шағым түсірді.

Американың екінші үлкен банкі 2008 жылғы экономикалық дағдарыс кезінде ипотека нарығында алаяқтық жасады деп айыпталуда. Америка билігінің пікірініше, Bank of America сол кезде инвесторларды әдейі алдаған. Банк оларға облигацияларды сату кезінде тәуекелдерді төмендетіп көрсеткен. Олар жалпы 850 млн доллар сомасына жылжымайтын мүлікті кепілхаттармен қамтамасыз еткен.

Арыз-шағым Солтүстік Каролина штаты Шарлотт қаласының федералдық сотына берілді. Bank of America-ның штаб-пәтері осы қалада орналасқан. Сондай-ақ, бұл банкке Бағалы қағаздар және биржалар федералдық комиссиясы да айып тағып отыр, ал банк барлық айыптарды жоққа шығаруда.

 

bnews.kz cайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!