Йемен астанасының көшелеріне бронды техника шығарылды

Фотография - Йемен астанасының көшелеріне бронды техника шығарылды

Йеменде «Әл-Каида» содырларының терактісінен сақтану үшін бұрын соңды болмаған қауіпсіздік шараларын қолға алды.

226 0

Йеменде «Әл-Каида» содырларының терактісінен сақтану үшін бұрын соңды болмаған қауіпсіздік шараларын қолға алды.

Йемен астанасы Сана көшелеріне жүздеген бронды машиналар шығарылған. Маңызды инфрақұрылым нысандары мен әкімшілік мекемелерге күшейтілген күзет қойылған. Йемен үкіметінің айтуына қарағанда «Әл-Каида» елдегі теңіз порттары мен мұнай құбырларын жаруды жоспарлап отырған көрінеді. Бұған дейін билік АҚШ-пен олардың одақтастарының Санадағы елшіліктерін көшіруіне қарсы болған еді.

Йемен саясаткерлерінің ойынша, Сана онсызда елдегі дипломаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды жасап жатыр, батыс елдері азаматтарының елден кетуі лаңкестердің мақсатына дәл келетін көрінеді.

АҚШ Мемлекеттік департаменті Йеменде «Әл-Каиданың» төрт жауынгері қашықтан басқарылатын ұшақпен өлтірілгеннен соң бірнеше сағаттан кейін жағдайдың ушығатынын айтып ескерткен болатын.

ВВС дерегіне сенсек, америкалықтар Йемендегі «Әл-Каида» отрядтарына соққы беруді жоспарлап отырған көрінеді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Арабия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!