Құрбан айт Президент сайлауынан артық

Фотография - Құрбан айт Президент сайлауынан артық

Әзербайжандағы Президент сайлауы мерзімінен бұрын өтетін болды. Бұл туралы елдің Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

154 0

Әзербайжандағы Президент сайлауы мерзімінен бұрын өтетін болды. Бұл туралы елдің Орталық сайлау комиссиясы хабарлады. Мұның себебі неде?

Әзербайжан заңдылығына сәйкес, президент сайлауы әр бес жыл сайын қазан айының үшінші онкүндігінде өтуі тиіс. Күнтізбе бойынша 16 қазан күні Әзербайжанда Құрбан айт мейрамы аталып өтіледі. Бұл демалыс күн болып есетпледі, Сондықтан Орталық сайлау комиссиясының сайлаудың мерзімін өзгертуге құқы бар. Сөйтіп 16 қазанға белгіленген сайлау додасы 9 қазанға ысырылды. Оған қатысты 18 сайлау комиссиясы мүшесінің 17-сі жақтап дауыс берді. Бұл тәуелсіздік алған кезден бергі Әзербайжандағы сегізінші президент сайлауы. Бес жыл сайын өтетін сайлау додасына биыл кім үміткер болып отыр?

Маусым айында «жаңа Әзербайжан» партиясы президенттіктің үшінші мерзіміне қазіргі басшы 51 жастағы Ильхам Әлиевті ұсынғаны белгілі. «Рай» әлеуметтік-сараптама қызметінің бағалауына қарағанда, респонденттердің 80 пайызы бүгінгі мемлекет басшысына дауыс беретіні алдын ала белгілі болып қойғанға ұқсайды.

Ал Ильхам Әлиевтің басты қарсыласы кім? «Белое солнце пустыни» киносы сценаристерінің бірі, 74 жастағы белгілі режиссер, драматург Рустам Ибрагимбеков бұл сайлауда бүгінгі президенттің бәсекелесі болмақ. Оның кандидатурасын елдегі ірі оппозициялық ұйымдарды біріктірген демократиялық күштер ұсынған көрінеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!