Ресейде Bentley-ді тұраққа дұрыс қоймағаны үшін бүлдіріп кеткен

Фотография - Ресейде Bentley-ді тұраққа дұрыс қоймағаны үшін бүлдіріп кеткен

Ал қымбат бағалы темір тұлпар «Роснефть»-тің белді қызметкерлерінің біріне тиесілі көрінеді. 

212 0

Санкт-Петербург қаласындағы Победа саябағында автотұраққа Bentley Continental көлігін дұрыс қоймағаны үшін зақымдап кеткен. Ал қымбат бағалы темір тұлпар «Роснефть»-тің белді қызметкерлерінің біріне тиесілі көрінеді. 

Автокөліктің қос бірдей жарық шамының шынысы мен екі шамның ортасында орналасқан желдеткіш торын және шанағының көзге түсер тұстарын белгісіз біреулер саналы түрде бүлдіріп кеткен. Бір қызығы, бұзақылар мұнымен қоймай, көлік иесіне «Тұраққа дұрыс қоюды үйрен!» деп тілдей қағаз қалдыруды да ұмытпапты.

Ал БАҚ құралдарының хабарлауынша, «Bentley»-дің жүргізушісі анығында да белгіленген сызық бойынша ережеге сай қоймаған.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейде «Bentley Continental» көлігінің ең арзаны 350 мың доллардан бастау алады.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!