Парагвайда шамамен 150 жыл бұрын жасырылған 10 тонна алтынды іздеп жатыр

Фотография - Парагвайда шамамен 150 жыл бұрын жасырылған 10 тонна алтынды іздеп жатыр

Шамамен бір жарым ғасыр бұрын жасырылған 10 тонна алтынды іздестіру Парагвай астанасы Асунсьонның барлық аймағында жүргізіліп жатыр

410 0

Шамамен бір жарым ғасыр бұрын жасырылған 10 тонна алтынды іздестіру Парагвай астанасы Асунсьонның барлық аймағында жүргізіліп жатыр.

Іздеушілер қазынаны табуға жақын екендіктерін айтуда, деп жазады латын-америкалық БАҚ.

Қазынаны маршал, Парагвайдың ұлттық батыры, бұл елге қарсы Үштік альянс соғысы кезінде (Бразилия, Аргентина және Уругвай) қаза тапқан Франсиско Солано Лопес жасырған.

«Өз мақсатымызға жетуге жақын қалдық, алайда бізге жиналған су алтынды алып шығуға кедергі болып тұр», - деді қазына іздеушілердің бірі. Олардың жүргізіп жатқан жұмыстарының аумағы 100 метрдей, ал тереңдігі 15 метр.

Іздеушілердің мәліметі бойынша, алтын құймалары шамамен 100 келідей болуы керек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!