Пәкістан мен Ауғанстан су тасқынынан зардап шекті

Фотография - Пәкістан мен Ауғанстан су тасқынынан зардап шекті

Соңғы үш жылдың ішінде жаз мезгілінде тоқтаусыз жауған жауын-шашын салдарынан апатты жағдайлар жиілеп кеткен

166 0

Соңғы үш жылдың ішінде жаз мезгілінде тоқтаусыз жауған жауын-шашын салдарынан апатты жағдайлар жиілеп кеткен.

Пәкістанның Карачи қаласында су апатынан 16 адам қаза болды. Көршілес жатқан Ауғанстанның Сароби ауданының өзінде ғана 34 адам қаза тапты.

Су тасқыны елге бірқатар зиян тигізді. Ауғанстанның шығыс аудандарында апат салдарынан жүз гектарға жуық ауыл шаруашылығына жарамды жерлер жойылып, жүздеген адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Ауғанстанда көлік желісіне тосқауыл болған үйінділерді тазалау үшін арнайы әскери бөлімшелер жұмылдырылды. Солтүстік-батыста орналасқан Хайбер-Пахтунхва ауданындағы үйлерді су шайып кетті.

Пәкістанның ресми өкілдерінің хабарлауынша, өңірде жауын-шашын жақын күндері тоқтамайтын сыңайлы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!