Обама мұсылмандарды ораза айтымен құттықтады

Фотография - Обама мұсылмандарды ораза айтымен құттықтады

АҚШ президенті Барак Обама АҚШ пен әлем мұсылмандарын Ораза айты мерекесімен құттықтады

154 0

АҚШ президенті Барак Обама АҚШ пен әлем мұсылмандарын Ораза айты мерекесімен құттықтады.

Әйелі Мишель Обама екеуінің атынан жазылған құттықтауда Барак Обама "Өткен айда мұсылмандар ораза ұстап, құлшылық қылу арқылы өз сенімдерін нығайтты. Биылғы жылы Ақ Үйде болған ауызашарда мен еліміздің демократиясын көркейтіп, экономикасын нығайтуға үлес қосқан америкалық мұсылмандармен бірге болғанымды мақтан тұтам" деген.

АҚШ басшысы оразаның игі істер жасап, қамкөңіл жандардың қайғы-мұңын бөлісуге үндейтінін айтады. "Ораза бізге жасалған жақсылықтарға шүкіршілік айтып, бақытсыздыққа ұшырағандардың, оның ішінде үй-күйінен айырылып, ораза ұстаған миллиондаған сириялықтардың мұң-мұқтажына ортақтасуға шақырады. Ораза айтында АҚШ мұқтаж сириялықтарға көмек ретінде құны 195 миллион АҚШ доллары болатын азық-түлік пен басқа да гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр. Осылайша біздің дағдарыс басталғалы бері сириялықтарға көрсеткен гуманитарлық көмегіміз 1 миллиард АҚШ долларына жетті" деді Обама.

Оның сөзіне қарағанда, көптеген америкалықтар үшін ораза айты АҚШ-тағы мерекелердің ең маңыздыларының бірі болып саналады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керриден Қазақстан сыртқы істер министрлігіне Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтаған хат келіп түскен. Джон Керри екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жалғасуына сенім білдіріп, Қазақстан халқына Ораза айт мерекесін жақсы атап өтуге тілек білдірген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!