Қытайда Таңжарық ақынға арналған мүшәйра өтеді

Фотография - Қытайда Таңжарық ақынға арналған мүшәйра өтеді

 Қытайда «Ақын сыры» атты мүшәйра өтеді.

284 0

 Қытайда «Ақын сыры» атты мүшәйра өтеді.

Қытай қазақ әдебиетінің негізін салушы, артына мол мұра қалдырған әйгілі ақын Таңжарық Жолдыұлының 110 жылдығына орай Қытайдағы Іле телеарнасы мен ІҚАО Әдебиетшілер бірлестігі өткізгелі отырған жыр сайысына Қытайдағы қазақ ақындары қатыса алады. Сиясы кеппеген өлеңдерді талап ететін дода әр ақыннан 20 шумақтан аспайтын, тек қана Таңжарыққа арналған үш туындыны қабылдайтынын жариялап отыр. Мүшәйраға қатысатын ақын туындылары 20 тамызға дейін ғана қабылданады.

Қомақты сыйлықтарды тағайындап отырған ұйымдастырушылар бұл әдеби шараны Таңжарық Жолдыұлының рухына арнайтындарын жазады.

Таңжарық Жолдыұлы - Алаш идеясын ту еткен ақын. Оның туған ел тәуелсіздігі жолындағы күрескер рухы мен өршіл өлеңдері бүгінгі ұрпақтың асыл қазынасы. Таңжарық жат биліктің темір құрсауында жатып, «түрме әдебиетін» қалыптастырған ақындардың бірі. Қытай үкіметінің аяусыз езгісіне ұшырап, бар-жоғы 44 жасында бақилық болған есіл ерге биыл 110 жыл толып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!