Өскемен әкімі Испания, Қытай және Ресей бизнесмендерімен кездесу өткізді

Фотография - Өскемен әкімі Испания, Қытай және Ресей бизнесмендерімен кездесу өткізді

Өскемен әкімдігінде қала әкімшілігінің Испания, Қытай және Ресей бизнес өкілдерімен кездесуі өтті

283 0

Өскемен әкімдігінде қала әкімшілігінің Испания, Қытай және Ресей бизнес өкілдерімен кездесуі өтті.

Әкім Темірбек Қасымжанов іскер әріптестерін қаланың даму барысымен, оның мүмкіндіктерімен таныстырды. Ол сапалы, тұрақты, сенімді серіктестікті нығайтудың маңыздылығын баса айтты.

Қала әкімінің орынбасары Владимир Головатюк қаланың құрылыс саласын дамытудың үш басты бағытын атап көрсетті: қуаттылығы жылына 150 мың тонна өнім шығаратын болат құятын зауыт салу, құрылыс материалдарын (кірпіш, темір бетон, пластик) өндіру, тұрғын үй құрылысы.

Испанияның «ANKA Santos Daniel» компаниясының президенті Анка Сантос Даниэль өз компаниясының, бәрінен бұрын, ұзақ мерзімді жобаларға мүдделі екендігін атап айтты - деп хабарлады ҚазАқпарат

ҚХР Халықтық саяси Консультативтік кеңесі Паньцзинь Комитеті төрағасының орынбасары Ван Цзин арматуралық зауыт салу және блюмс шығаруды ұйымдастыру мәселесінде болашақтағы ынтымақтастық бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!