Екі вьетнамдық 40 жыл джунглиде өмір сүрген

Фотография - Екі вьетнамдық 40 жыл джунглиде өмір сүрген

Вьетнамның оңтүстігінде ұлымен бірге 40 жыл бойы джунглиде өмір сүрген адам табылды

169 0

Вьетнамның оңтүстігінде ұлымен бірге 40 жыл бойы джунглиде өмір сүрген адам табылды, деп хабарлайды «Интерфакс».

82 жастағы вьетнамдық пен оның 41 жасар ұлы 1973 жылы Вьетнамдағы соғыс аяқталмай тұрып жоғалып кеткен. Олар тұрған ауылға АҚШ-тың ұшақтары шабуыл жасап, үйлерін қиратқан және жанұя мүшелерін түгелдей қырып жіберген.

Екі вьетнамдық ауылдан 40 шақырым ұзақтағы джунглиден табылды. Екеуінің де жағдайы жақсы. Әкесі вьетнам диалектілерінің брінде сөйлеген, ал ұлы бар болғаны бірнеше ғана сөз біледі. Олар негізінен көк шөпті және көкөністі азық еткен. Сонымен қатар аң аулауды да үйренген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!