Құрылысшылар алып ғимаратқа лифт орнатуды ұмытып кеткен

Фотография - Құрылысшылар алып ғимаратқа лифт орнатуды ұмытып кеткен

Испанияда тосын жайт орын алды. Бенидорм қаласында 47 қабатты алып ғимарат салып жатқан құрылысшылар оның ішіне лифт орнатуды ұмытып кеткен

94 0

Испанияда тосын жайт орын алды. Бенидорм қаласында 47 қабатты алып ғимарат салып жатқан құрылысшылар оның ішіне лифт орнатуды ұмытып кеткен.

Intempo деп аталатын егіз ғимараттар КостаБланканың жағалауында орналасқан. Ол пайдалануға берілген сәтте Еуроодақтағы ең биік тұрғын-үй кешені атағына ие болмақ. Алайда, сәулетшілер мен құрылысшылардың бір ғана қателігі ғимаратты күлкінің астында қалдырды. Тіпті, кейбір сарапшылар оны Еуропадағы дағдарыстың символы деп те атап кетті.

Алғашқыда жоба авторлары жиырма қабатты үй салмақ болған. Ол кезде нысан ішіне лифт орнатылыпты. Алайда, кейінірек көпқабатты үй иесі қосымша қаражат тауып, ғимаратты тағы бірнеше қабатқа ұзартуға шешім қабылдаған. Құрылысшылар қожайынның айтқанын екі етпепті, тек жиырмасыншы қабаттан жоғары қарай лифт орналастыруды ұмытып кеткен.

Ақыры құрылыспен айналысқан сәулетшілер өз еріктерімен жұмыстан кетті. Қазір ғимараттың 94 пайызы дайын. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында нысан толықтай пайдалануға беріледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!