АҚШ-та терроризм айыбы тағылған адам 30 жылға сотталды

Фотография - АҚШ-та терроризм айыбы тағылған адам 30 жылға сотталды

Нью-Йорк қаласындағы федералды резервтік банк ғимаратын жармақ болған деген айып тағылған Бангладеш азаматы Кази Мұхаммед Резванула Ахсан Нафисты АҚШ соты 30 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды

197 0

Нью-Йорк қаласындағы федералды резервтік банк ғимаратын жармақ болған деген айып тағылған Бангладеш азаматы Кази Мұхаммед Резванула Ахсан Нафисты АҚШ соты 30 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Бұл туралы 9 тамыз күні АҚШ әділет министрлігі хабарлады.

22 жастағы Нафис ақпан айындағы сот тыңдауы кезінде жойқын қару қолданбақ ниетте болғанын және "Әл-Қаида" ұйымын қолдайтындығын мойындаған. Сонымен бірге ол діни радикализмнен бас тартқанын мәлімдеп, соттан өзіне кешірім жасауды өтінген.

Бұған дейін тергеушілер күдіктінің әр іс-қимылы жіті қадағаланып отырғандықтан, АҚШ азаматтарына оның тарапынан қауіп төнген жоқ деп мәлімдеген еді. АҚШ-қа студенттік визамен барған Нафистің 2012 жылы қазанда АҚШ арнайы қызметі жүргізген операция барысында ұсталғаны хабарланған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!