Кабулда үш Қытай азаматын өлтіріп кеткен

Фотография - Кабулда үш Қытай азаматын өлтіріп кеткен

Ауғанстан астанасындағы бір пәтерден үш Қытай азаматының жансыз денесі табылған. Жұма күні кешке Кабулдағы Қытай елшілігі тағы екі азаматын іздестіріп жатқанын мәлімдеген

190 0


Ауғанстан астанасындағы бір пәтерден үш Қытай азаматының жансыз денесі табылған. Жұма күні кешке Кабулдағы Қытай елшілігі тағы екі азаматын іздестіріп жатқанын мәлімдеген.

Қытай азаматтарын әлдекімдер қасақана өлтірген болуы мүмкін екенін айтқан елшілік ауған билігін бұл қылмысты ашып, оны жасағандарды ұстау үшін шұғыл тергеу жүргізуге шақырған. Ауғанстан полициясы қылмысты тексеріп жатқанын айтқан.

Қытай Ауғанстанның тау-кен өндірісі саласына мол инвестиция салған ел. Ауғанстанның бірнеше аймағында жұмыс істеп жатқан қытай компанияларында Қытай азаматтары еңбек етеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!