Күрд лидері Сириядағы қандастарын қорғайтынын мәлімдеді

Фотография - Күрд лидері Сириядағы қандастарын қорғайтынын мәлімдеді

 Ирактағы Күрдістан лидері Массуд Барзани көршілес Сириядағы соғысқа Күрдістан әскерінің де араласуға әзір екенін мәлімдеді

183 0

 Ирактағы Күрдістан лидері Массуд Барзани көршілес Сириядағы соғысқа Күрдістан әскерінің де араласуға әзір екенін мәлімдеді.

Барзанидің айтуынша, "Күрдістан Сириядағы қарулы қақтығысқа ондағы күрд халқын "джиһадшылардан" қорғау мақсатында араласуы мүмкін". 

Сенбі күні жасаған мәлімдемесінде Барзани "Сириядағы күрдтерді террористердің өлтіріп жатқанын" айтып, бұл оқиғаларды тексеруге шақырды.

Ол "кінәсі жоқ күрд азаматтарына, әйелдер мен балаларға терроризм мен өлім қаупі төніп тұрған жағдайда Күрдістан оларды қорғауға дайын" деді.  

Кейінгі апталарда Сириядағы күрдтер мен осы елдегі режимге қарсы соғысып жатқан "Әл-Қаида" ұйымымен байланысы бар топтар арасында қарулы қақтығыстар басталды.  

Ирактағы Күрдістан - автономиялық аймақ. Аймақтың өз министрліктері мен әскері бар.

Ал Сириядағы күрдтердің саны - осы елдегі 20 миллионнан астам халықтың 10 пайызы - деп хабарлады  azattyq.org


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!