Ауғанстанда жоғалған қытайлықтың бірі - тірідей,екіншісінің мәйіті табылды

Фотография - Ауғанстанда жоғалған қытайлықтың бірі - тірідей,екіншісінің мәйіті табылды

Қытайдағы мемлекеттік БАҚ-тың хабарлауынша, 11 тамызда Ауғанстанда жоғалған қытайлық екі азаматтың бірі Кабул қаласынан тірідей табылып, қауіпсіз жерге жеткізілген

206 0


Қытайдағы мемлекеттік БАҚ-тың хабарлауынша, 11 тамызда Ауғанстанда жоғалған қытайлық екі азаматтың бірі Кабул қаласынан тірідей табылып, қауіпсіз жерге жеткізілген.

Қытайдың Xinhua ("Синьхуа") агенттігінің мәліметіне қарағанда, жоғалған екінші ер адамның мәйіті сенбі, 10 тамызда табылған. 

Екі қытайлық ер адам бейсенбі, 8 тамыз күні жоғалды. Сол күні Кабулда екі қытайлық әйел мен бір ер адамды үйлерінің есігін бұзып кірген адамдар өлтіріп кеткен еді.  

Кабулдағы Қытай елшілігі жоғалған бір адамның сүйегі, ал екінші адамның тірі күйінде табылғанын растады - деп хабарлады azattyq.org

Қытайдың орталық телеарнасы қаза тапқан адамның Ауғанстанда жеке бизнеспен айналысқанын хабарлады. Бірақ ресми мәліметтерде оның қандай бизнес екені айтылмаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!