АҚШ елшіліктері қайта ашыла бастады

Фотография - АҚШ елшіліктері қайта ашыла бастады

АҚШ-тың өткен аптада Таяу Шығыс пен Африканың бірнеше мемлекетінде қауіпсіздік тұрғысында жабылған елшіліктері қайта ашылды

122 0


АҚШ-тың өткен аптада Таяу Шығыс пен Африканың бірнеше мемлекетінде қауіпсіздік тұрғысында жабылған елшіліктері қайта ашылды. Жексенбіде Абу-Даби, Ливия және Дубайдағы консулдықтар жұмыс істей бастады. Қалған өкілдіктер бір апта ішінде ашылмақ.

АҚШ 19 елшілігі мен дипломатиялық өкілдіктері 4 тамызда жабылған еді. Ресми Вашингтон елшіліктерді жабуға "Әл-Қаида" ұйымы тарапынан теракті жасалуы мүмкін деген қауіп себеп болды деген. Құрама Штаттардың арнайы қызметі "Әл-Қаида" жетекшісі Айман әл-Зауахиридің ұйымның Йемендегі өкілдеріне шабуылдар жасауды тапсырған хатын әшкерелегенін хабарлаған.

АҚШ билігі өкілдерінің хабарлауынша, таяу арада Йемен астанасы Санадағы елшіліктен басқа америкалық басқа елшіліктер жұмыс істей бастайды - деп  хабарлады  azattyq.org


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!