Үш қабатты қонақ үй жер астына кетті

Фотография - Үш қабатты қонақ үй жер астына кетті

АҚШ-тың Флорида штатында үш қабатты қонақ үй жер астына түсіп, бір-ақ сәтте жоқ болды. Апат болған кезде ғимарат ішінде 20 адам болыпты

169 0

АҚШ-тың Флорида штатында үш қабатты қонақ үй жер астына түсіп, бір-ақ сәтте жоқ болды. Апат болған кезде ғимарат ішінде 20 адам болыпты.

Оқиға әйгілі Walt Disney World демалыс орнының маңындағы Summer Bay Resort курортында орын алған. Қорыққан туристердің бойларын үрей билеп, заттарын тастай далаға қашыпты.

Құтқарушылар 36 адамды қауіпсіз аймаққа шығарғандығын айтып отыр. Олардың 20-сы құлаған қонақ үйден, қалғаны көрші ғимараттардан эвокуацияланған. Қайтыс болғандар жоқ.

Жергілікті тұрғындар болса қонақ үй иелерінің тым үнемшіл екендігін жазуда. Ақшасын аз жұмсау үшін олар асты қуыс жерлерге қорықпай ғимарат тұрғыза береді дейді олар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!