Египет үкіметі губернаторларды ауыстырды

Фотография - Египет үкіметі губернаторларды ауыстырды

Египеттің уақытша үкіметі 13 тамызда елдің 18 провинциясына жаңа губернаторларды тағайындады. Тағайындалған губернаторлардың көпшілігі - отставкадағы генералдар

110 0


Египеттің уақытша үкіметі 13 тамызда елдің 18 провинциясына жаңа губернаторларды тағайындады. Тағайындалған губернаторлардың көпшілігі - отставкадағы генералдар. Жаңа шенеуніктер көбінесе бұрынғы президент Мұхаммед Мурси тағайындаған, "Мұсылман бауырлар" партиясы мүшелерінің орнына келіп отыр.

Сейсенбі күні полиция Мурси жақтастарының наразылық шеруіне көзден жас ағызатын газ қолданған. Полиция бұл әрекетін "тәртіпсіздікті болдырмау үшін жасадық" деп түсіндіреді. Өйткені, наразылық танытушылар жергілікті тұрғындарға тас лақтырған. Шиеленіс Мурсидің жақтастары үкімет үйіне қарай шерулетіп бара жатқанда туындаған.

2013 жылы 3 шілдеде әскерилер Египет президенті Мұхаммед Мурсиді биліктен шеттеткен еді. Оған себеп ретінде әскерилер "оның отставкаға кетуін талап еткен наразылық акцияларының күшеюін" атаған. Мурсидің жақтастары оны қайтадан билікке әкелуді талап етіп, Каирде күн сайын митингілер өткізіп келеді. 

Президент биліктен шеттетілгеннен бері Египеттегі қақтығыстарда 250-ден астам адам қаза тапты.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!