Египет үкіметі демонстранттарды таратуға кірісті

Фотография - Египет үкіметі демонстранттарды таратуға кірісті

Египет қауіпсіздік жасақтары Каирде наразылық танытып жатқан бұрынғы президент Мұхаммед Мурси жақтастарының шатырларын жығып, демонстранттарды таратуға кірісті

233 0


Египет қауіпсіздік жасақтары Каирде наразылық танытып жатқан бұрынғы президент Мұхаммед Мурси жақтастарының шатырларын жығып, демонстранттарды таратуға кірісті.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, сәрсенбі күні таңертең Нахда алаңы мен Рабаа әл-Адавия мешіті маңындағы шерішулердің шатырларын бұзуға әскери техника келген, жұртты тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданылған.

Куәгерлердің айтуынша, әскерилер жүргізген операция барысныда 15 адам қаза тапқан.

Мурсидің жақтастары өткен 6 аптадан бері оның биліктен шеттетілгеніне наразылық танытып, қарсылық акциясын бастаған еді. Бұрынғы президенттің жақтастары демократиялық жолмен сайланған Мурсиді билікке қайта әкелуді талап етеді. 

Мурси биліктен шеттетілгелі бері елдегі қақтығыстардан 250-ден астам адам опат болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!