Германияда тасжолға 2000 литр бал төгілді

Фотография - Германияда тасжолға 2000 литр бал төгілді

Германияда румыниялық жүк көлігінен бал салынған бөшкелер құлап кетіп, тасжол бірнеше сағатқа жабылды.

238 0

Германияда румыниялық жүк көлігінен бал салынған бөшкелер құлап кетіп, тасжол бірнеше сағатқа жабылды.

14 тамызға қараған түні белгісіз автокөлік итальян компаниясының балын тиеген жүк көлігін басып озамын деп оны жолдан ығыстырып жіберген.

Румыния азаматы шұғыл тежегішті басады, сол сәтте бал салынған бөшкелер кузовтан құлап, жарылған.

Коблен қаласы аумағындағы жолға 2000 литр бал төгілді.

Жергілікті билік тасжолда жүру қауіпті болғандықтан қозғалысты уақытша шектеді. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жетті. Олар экскаватордың көмегімен балдың бетіне топырақ тастап, содан кейін қоспаны жинап алды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!