Мәскеу маңында 1800 мигрант ұсталды

Фотография - Мәскеу маңында 1800 мигрант ұсталды

Мәскеу маңындағы Одинцово қаласындағы базарда "заңсыз жұмыс істейді" деген күдікпен 1 мың 800-ге тарта мигрант ұсталды. Мәскеу облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, ұсталғандардың 240-ына "көші-қон заңдарын бұзды" деген, 68-іне "жалған құжат жасады" және "заңсыз иммиграция ұйымдастырды" деген айыптар тағылды

170 0


Мәскеу маңындағы Одинцово қаласындағы базарда "заңсыз жұмыс істейді" деген күдікпен 1 мың 800-ге тарта мигрант ұсталды. Мәскеу облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, ұсталғандардың 240-ына "көші-қон заңдарын бұзды" деген, 68-іне "жалған құжат жасады" және "заңсыз иммиграция ұйымдастырды" деген айыптар тағылды.

Ресей үкіметі өткен айда Мәскеудегі базарлардың бірінде полицейді белгісіз адамдар аяусыз соққыға жығып кеткеннен кейін заңсыз миграцияға қарсы күресті күшейткен. Шілденің соңынан бері "Ресей аумағына заңсыз кірді" деген күдікпен көпшілігі Орталық Азия елдерінен шыққан мыңдаған адам тұтқындалды - деп хабарлады azattyq.org

Содан бері арасында балалар да бар, шамамен 600-ге тарта адам Мәскеуде шатырдан жасалған лагерьлерде тұрып келеді.

Мәскеулік құқық қорғаушылар "мигранттардың өмір сүру жағдайы адам төзгісіз" деп, лагерьлердің жабылуын талап етеді.

 


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!