Египетте қаза тапқандар саны 578-ге жетті

Фотография - Египетте қаза тапқандар саны 578-ге жетті

Египеттің денсаулық сақтау министрлігі елдегі қақтығыстарда қаза тапқандар саны 578 адамға жеткенін хабарлады

139 0

Египеттің денсаулық сақтау министрлігі елдегі қақтығыстарда қаза тапқандар саны 578 адамға жеткенін хабарлады. Полицияның 14 тамызда биліктен тайдырылған ел президенті Мұхаммед Мурсидің жақтастарын күшпен таратуы кезінде үш жарым мыңнан астам адам жараланған.

Мурсидің "Мұсылман бауырлар" партиясының өкілдері "қаза тапқандар саны министрлік дерегінен әлдеқайда көп" дейді.

15 тамызда ішкі істер министрлігі "полиция мемлекеттік мекемелерді кез-келген шабуылдан қорғау үшін оқ ататынын" мәлімдеген. Министрлік бұл ескертуін Мурси жақтастары Каирдегі Газни ауданы әкімдігін басып алып, ғимаратқа өрт қойғаннан кейін жасады.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бейсенбіде Египеттегі жағдайға байланысты төтенше жиын өткізіп, үкіметті "барынша ұстамды болуға" және "бітімге келуге" шақырды.

3 шілдеде әскерилер Египет президенті Мұхаммед Мурсиді биліктен шеттеткен еді. Мурсидің жақтастары бір жарым айдан бері оның биліктен қуылғанына наразылық танытып, қарсылық акциясын өткізіп жатқан.

Бейсенбіде полицияның әрекетіне наразылық акциялары Александрия мен Бени-Суэйф қалаларында да өтті. Бірақ шерушілер мен полиция қақтығысы болмаған.

Бейсенбіде Мұхаммед Мурсиді қамау мерзімі тағы 30 күнге ұзартылды - деп хабарлады azattyq.org


Тегтер:

Египет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!