Малайзия Египеттен 3 мыңнан астам студентін қайтармақ

Фотография - Малайзия Египеттен 3 мыңнан астам студентін қайтармақ

 Малайзия билігі Египетте білім алып жатқан 3 300 студентін елге қайтармақ. Бұл туралы елдің қорғаныс минстрі Датук Сери Хишаммуддин Хуссейн мәлімдеді

173 0

 Малайзия билігі Египетте білім алып жатқан 3 300 студентін елге қайтармақ. Бұл туралы елдің қорғаныс минстрі Датук Сери Хишаммуддин Хуссейн мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.


«Бұл жағдай Малайзияның көлік және білім министрлігімен келісілді. Көшіру Египеттегі елшіліктен хабар түскеннен кейін кез-келген уақытта жүзеге асырылуы мүмкін», деді ол.


«Кайрдегі өкілдіктер студенттермен тығыз байланыста, олардың қазіргі уақытта қауіпті аймақтардан тысқары жерлерде екеніне сенімдімін», деп атап өтті Малайзия қорғаныс министрі.


Айта кетейік, Мысыр әскерилері экс-президент Мұхаммед Мүрсиді биліктен тайдырған. Сол уақыттан бері Мүрсиді жақтаушы «Мұсылман бауырлар» қозғалысының өкілдері елде жаппай шеруге шығуда.


Экс-президент жақтастары мен қазіргі билік арасындағы бірнеше күнге созылған қақтығыстардан қаза тапқандар саны 700-ге жуықтады, 4 мыңға жуық адам жараланған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!