БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі Мысырға қатысты жиын өткізді

Фотография - БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі Мысырға қатысты жиын өткізді

БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі Мысырға қатысты кезектен тыс жиын өткізді. Оған Ұлыбритания, Франция және Австралия елдерінің өкілдері қатысты.

280 0

БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі Мысырға қатысты кезектен тыс жиын өткізді. Оған Ұлыбритания, Франция және Австралия елдерінің өкілдері қатысты.

Өткен отырыста елдегі зорлық-зомбылыққа шек қою мәселесі талқыланды. Бұл жайлы Аргентина елшісі хабарлады. Оның айтуынша, 15 елдің қатысуымен өткен кездесуде қатысушылардың барлығы Мысыр елінде ұлттық татуластықты орнатуға ұсыныс білдірген. Айта кетейік, елдегі соңғы тәртіпсіздіктер кезінде 600-ден астам адам мерт болды.

Мариа Кристина ПЕРСЕВАЛЬ, Аргентина елшісі:

- БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі атынан қанды қырғында көз жұмған адамдардың отбасы мен туыстарына көңіл айтқым келеді. Кеңес мүшелерінің ойынша, Мысырдағы қақтығысушы тараптар максимал түрде ұстамды болуы тиіс.


Тегтер:

мысыр

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!