Түркіменстан Президенті партия қатарынан шықты

Фотография - Түркіменстан Президенті партия қатарынан шықты

Түркіменстан Президенті Ғұрбанқұлы Бердімұхамедов өзі басқаратын Демократиялық партия құрамынан шығатыны туралы шешімін жариялады

133 0

Түркіменстан Президенті Ғұрбанқұлы Бердімұхамедов өзі басқаратын Демократиялық партия құрамынан шығатыны туралы шешімін жариялады.

«Ел президенті көппартиялылық жағдайында өзі қатарында болатын партияға артықшылық жасамау үшін ешқандай партияға мүше болуға тиісті емес» деп мәлімдеді Бердімұхамедов.

Бұл туралы ол сенбі күні Түркіменстан Демократиялық партиясының съезінде мәлімдеген - деп хабарлады baq.kz

Түркіменстанның Демократиялық партиясы 1991 жылы Түркімен КСР Коммунистік партиясын қайта құру жолымен құрылды және 20 жыл бойы елдегі бірден-бір партия болды. Он бес жыл бойы оның көшбасшысы республика президенті, Түркімен КСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Сапармұрат Ниязов болды, кейіннен ол қайтыс болғаннан кейін жаңа президент Ғұрбанқұлы Бердімұхамедов алмастырды.

2012 жылғы қаңтарда Түркіменстан Парламенті «Саяси партиялар туралы» заң қабылдап, жаңа партиялар құрылуына рұқсат берді. Жарты жылдан кейін Ашғабадта Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер партиясының құрылтай съезі болып, кейіннен ол ресми тіркелді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!