Қиыр Шығыста тасқыннан мыңдаған адам көшірілді

Фотография - Қиыр Шығыста тасқыннан мыңдаған адам көшірілді

Ресейдің Қиыр Шығысындағы тасқын кесірінен қауіпсіз аймаққа көшірілген адамдар саны 17 мыңға жетті. Су тасқынын мамандар "120 жылдан бері болмаған апат" деп бағалап отыр

305 0

Ресейдің Қиыр Шығысындағы тасқын кесірінен қауіпсіз аймаққа көшірілген адамдар саны 17 мыңға жетті. Су тасқынын мамандар "120 жылдан бері болмаған апат" деп бағалап отыр. 

Ресей ақпарат құралдары тасқын аймағынан әлі 100 мыңдай тұрғынның көшірілуі мүмкін екенін хабарлады. 

Ресейдің төтенше жағдайлар министрі Владимир Пучков "Қытай-Ресей шекарасындағы 120 елді мекенде 5 мың 300 үй су астында қалды" деп мәлімдеді. 

Қиыр Шығыстағы тасқын толастамай жауған жаңбыр кесірінен болған. Ресей билігінің мәліметінше, Амур облысы мен жапсарлас жатқан аймақтарға су тасқыны жайылып барады. 

Метеорологтар әзірге қауіптің сейілмейтінін айтады. Олардың болжамы бойынша, су қоймаларындағы су деңгейі қыркүйек айына дейін төмендемейді - деп хабарлады azattyq.org


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!