Иранның уран байыту құрылғысы 18 мыңға жетті

Фотография - Иранның уран байыту құрылғысы 18 мыңға жетті

Иранның уран байытатын центрифугаларының саны 18 мыңға жетті. Бұл туралы сенбі күні Иранның ядролық бағдарламасының басшысы Ферейдун Аббаси-Давани хабарлады

213 0


Иранның уран байытатын центрифугаларының саны 18 мыңға жетті. Бұл туралы сенбі күні Иранның ядролық бағдарламасының басшысы Ферейдун Аббаси-Давани хабарлады.

Аббаси-Давани Иранның уран байытатын 17 мың "алғашқы буын" центрифугалары (IR-1) бар екенін, оның 10 мыңы жұмыс істеп тұрғанын, 7 мыңы іске қосуға дайын екенін мәлімдеген.

Аббаси-Давани бұлардан бөлек, 1 мың жаңа центрифуганың уран байытуға кірісуге дайын тұрғанын айтқан. Иран таратқан мәліметтер бойынша, жаңадан жасалған 1 мың центрифуга алдыңғы буын құрылғыларына (IR-1) қарағанда уранды бірнеше есе тез байытады.

16 тамыз күні Иранның жаңа президенті Хассан Роухани Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөзді жүргізетін Тегеран өкілі ретінде бұрынғы сыртқы істер министрі Әли Акбар Салехиді тағайындады - деп хабарлады azattyq.org

АҚШ және оның одақтастары Иран ядролық қару жасауға ұмтылып отыр деп қауіптенеді. Тегеран оны жоққа шығарып келеді.


Тегтер:

Иран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!