Ғалымдар қатерлі ісіктің 30 түрінің сырын ашты

Фотография - Ғалымдар қатерлі ісіктің 30 түрінің сырын ашты

Зерттеушілер қатерлі ісікпен күресте оны емдеудің жаңа әдістеріне алып келетін, тіпті оның алдын алуға мүмкіндік беретін жаңалық ашты

134 0

Зерттеушілер қатерлі ісікпен күресте оны емдеудің жаңа әдістеріне алып келетін, тіпті оның алдын алуға мүмкіндік беретін жаңалық ашты.

Талдау жасау кезінде британдық ғалымдар бүкіл әлем бойынша қатерлі ісікпен ауыратын жеті мыңнан астам адамның ДНҚ нәтижелерін салыстырған. Оның ішінде қатерлі ісіктің ең көп тараған түрлері, соның ішінде кеуде, ішек, өкпе қатерлі ісігін бақылаған.

Қатерлі ісіктің кейбір түрлері темекі, күн сәулесі және қартаю сияқты айқын факорлардың әсерінен екені белгілі болса, кейбір түрінің неліктен екендігі белгісіз. Қатерлі ісік адамның ғұмыры бойында жиналатын ДНҚ мутацияларынан туындайды.

Зерттеушілер осы мутацияларда өскен ісіктің генетикалық кодының заңдылықтарын зерттеді. 7 мың ДНҚ-ның талдау нәтижесі қатерлі ісіктің 30 түріне жауапты 21 модельдің болатынын анықтады. Ісік ДНҚ-дағы кейбір конфигурациялар күткендей болса, кейбірі күтпеген тосын жаңалық болды.

Мәселен, қатерлі ісік ағзаның инфекциялармен күресуіне көмектесетін ақуызды бөле алады. Бұл модельдердің кейбіреуі қатерлі ісік түрінің бірінде ғана табылса, қартаюдың іздері көптеген түрлі ісік түрлерінен табылды. Әрбір қатерлі ісіктің кем дегенде екі моделі болады, алайда, кеуденің қатерлі ісігінде олардың саны - бес, бауырдың қатерлі ісігінде - 6 - деп хабарлады ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!