Пәкістанда өлім жазасын орындау уақытша тоқтады

Фотография - Пәкістанда өлім жазасын орындау уақытша тоқтады

Пәкістанда өлім жазасын орындау уақытша тоқтатылды

183 0

Пәкістанда өлім жазасын орындау уақытша тоқтатылды. Ақпарат минитсрі Первез Рашидтің айтуынша, өлім жазасын қолдану бұл мәселені премьер-министр Наваз Шариф пен президент Асиф Әли Зардаридің талқылауына дейін тоқтатыла тұрады. Екеуінің кездесуі Зардари шетелдегі сапарынан оралғаннан кейін болмақ.

Пәкістанда өлім жазасына 2008 жылы мораторий салынып, оның мерзімі биыл маусымда аяқталған.

Келесі аптада елде бірнеше адамға өлім жазасын орындау жоспарланып отырған. Өлім жазасына кесілгендердің арасында "Әл-Қаидамен" байланысы бар содырлар да бар - деп хабарлады azattyq.org

Пәкістанның радикалды сүнниттік топтары үкіметті егер жақтастарына өлім жазасы орындалса, кек қайтаратындарын ескертті.

Amnesty International ұйымының деректері бойынша, Пәкістанда өлім жазасына кесілген сегіз мыңнан астам тұтқын бар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!